Зеленский Еуропа уәдесін орындамады деп шағымданды

4 мамыр 12:53 1782 рет қаралды

Келісімге қарамастан Еуропалық одақ елдері Украинаға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жібермейді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Варшавада өткен бірінші Польша Конституциясының 230 жылдығына арналған шарада мәлім етті, - деп хабарлайды tengrinews.kz EADaily басылымына сілтеме жасап

"Біздің ел ештеңе алған жоқ. Бұл әділетсіз", - деді Зеленский. Ол қазір вакцинаның 200 миллион дозасын жеткізу туралы келісімдер бар екенін, бірақ ол жылдың аяғында - биыл үшінші немесе төртінші тоқсанда жеткізілетінін айтты.

Зеленскийдің айтуынша, Украина Ұлыбритания, Үндістан және АҚШ-пен келісім жасасқан. Бірақ қазір елде 1 миллионнан аз адам екпе салдырған.

"Бұл халық санын ескерсек, өте аз", - деді Зеленский.

3 мамырда Украина денсаулық сақтау министрі Максим Степанов соңғы мәліметтер бойынша, пандемия кезінде елде 2,1 миллионға жуық COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелгенін айтты. Оның ішінде өткен тәулікте 2 758 жағдай. Елде 44 750 адам қайтыс болған. Тек 755,1 мың адам вакцина салдырған.




Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру