Жол-көлік апатынан екі адам көз жұмды

4 мамыр 09:56 1834 рет қаралды

2 мамырда кешкі сағат сегізде Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы №9 разъезд маңында жол-көлік оқиғасы орын алды – «УАЗ» бен «Lada Largus» автокөліктері соқтығысып қалып, 30 және 18 жастағы екі ер адам қаза болды.

Тағы 4 адам Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізілді. ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі («Екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру