​Атырауда Жайықтан өтетін екі емес, бір көпір салынады

3 мамыр 12:33 2187 рет қаралды

Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет ОРАЗҒАЛИЕВ мәлімдеді. Әңгіме Ақтөбе – Атырау және Атырау – Астрахань тас жолдарын жалғайтын, қала маңындағы Талғайран ауылындағы көпір мен оған іргелес солтүстік айналма жол құрылысын салу жоспары туралы.

Бұған дейін Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын АРЫСТАНОВА Атырауда екі көпір салынады, екіншісі – Алмалы ауылын қаламен жалғайтын көпірдің құрылысы жоспарланғанын хабарлаған еді. Енді соңғысын тек Бас жоспарды жасаушылар ұсынғаны белгілі болды, бірақ...

- Алмалы көпірінің құрылысы қарастырылмаған, өйткені оның қажеті жоқ: Талғайраңдағы көпір құрылысының жобасы бойынша ол Алмалы және Береке ауылдарына жақын жерде салынады, - деді Оразғалиев.

Оның айтуынша, жобаға сәйкес Талғайраң ауылының маңында солтүстік бағытта ұзындығы 27 шақырым айналма автомобиль жолы салынады, оның ішінде төрт жолақты жаңа жол мен Жайық арқылы өтетін көпір салынады. Айналма жол Атырау – Доссор трассасынан басталып, «Сасықсай» булану алаңын айналып өтіп, «Атырау – Астрахань» трассасына дейін жалғасады.

Осылайша, солтүстік айналма жолы Атырау-Астрахань және Атырау-Доссор, Атырау-Ақтөбе трассаларын жалғап, Атырау-Индер-Атырау-Орал трассасын кесіп өтеді. Жоба құны – 37 млрд теңге. Құрылыс 2022 жылдан 2024 жылға дейін жалғасады.

- Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Құны техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес есептелді және бұл сома кез келген жағдайда тек төмендеу жағына түзетіледі. Жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады, өйткені айналма жол республикалық маңызы бар үш және облыстық маңызы бар бір автомобиль жолын жалғайды, - деп атап өтті Оразғалиев.

Жоғарыда айтылғандай, жоба облыс пен батыс өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ экологияны жақсартуға мүмкіндік береді – ауыр жүк көліктері қалаға кірмейді. 

Айнұр САПАРОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру