Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай: 13 адам көз жұмды

30 сәуір 10:00 3188 рет қаралды
Сурет: "Вечерний Бишкек"

Кабар-ҚазАқпарат –Қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиға салдарынан 13 адам мерт болып, 134 адам жарақат алған. Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап. 

Ведомство дерегінше, 13 адам қайтыс болған. 

Сонымен қатар 25 зардап шеккен адам арнайы бортпен Баткеннен Бішкекке жеткізіліп, Бішкек травмотолгия және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы, Ұлттық госпиталь және Ұлттық хирургия орталығына жатқызылған. Екі адамның жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы орташа деңгейде және қанағаттанарлық. 

Еске сала кетсек, 28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі ел тұрғындары өзара келіспей, қақтығыс басталды. Қырғызстанның Баткен облысының Баткен ауданының «Головной» елді мекенінде жағдай шиеленісіп кетті. Қырғыз тарапы қақтығыс аймағынан 848 адам көшірілгенін мәлім етті. 

Қырғызстан мен Тәжікстан 29 сәуірде сағат 20:00-ден бастап атысты тоқтату туралы келісімге келді. 

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдемеме жасады.




Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру