Израильдегі діни мереке кезінде қыспақтан ондаған адам көз жұмды

30 сәуір 09:48 2666 рет қаралды

Израильдің солтүстігіндегі бұқаралық діни мереке кезінде туындаған қыспақтың салдарынан 10 адам мерт болып, 100-ден аса адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап. 

Оқиға Галлиледе Мерон тауында он мыңдаған ультраортодоксальды яһуди жиналған Лаг ба-Омер мерекесін тойлау салтанаты кезінде болды. 

«Маген Давид Адом» (MDA) медициналық қызметінің ақпаратынша, оқиғадан 36 адам жеңіл, 3 адам орта деңгейдегі жарақат алған және 10 адам көз жұмған.

Израиль медициналық қызметіне сілтеме жасаған «Франс Пресс» агенттігінің мәліметінше, оқиға кезінде 38 адам көз жұмып, 100-ден аса адам жарақат алған. 

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.







Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру