Cот хроникасы

27 сәуір 11:39 2669 рет қаралды

Құрманғазы аудандық соты Б.С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-тармағы бойынша Тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен балық аулау қағидаларын өрескел бұзу») әкімшілік істі қарады. Сот оның биыл наурыз айында Қиғашта тыйым салынған «экран» құралымен балық аулағанын анықтап, 40 838 теңге көлемінде айыппұл салды. Құрал тәркіленіп, жойылды.

* * * * *

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы («Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық») бойынша әкімшілік іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, 15 жастағы жасөспірім тас лақтырып, біреудің жеке үйінің терезесін сындырған. Жасөспірімнің анасына қатысты хаттама толтырылды, сот оған 14 293 теңге көлемінде айыппұл салды.

** * * *

Исатай аудандық соты азамат Х.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-тармағы («Жүргізушінің өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы») бойынша әкімшілік істі қарады. Іс материалдарына сүйенсек, осы жылдың 22 наурызында Аққыстау ауылында Х. «ВАЗ 21102» автокөлігін басқарып, «Жаяу жүргіншілер өткелі» жол белгісіне соғылып, содан кейін ғайып болған. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Ол 1 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

** * * *

Қызылқоға аудандық соты жауапкер С.Е. 450 мың теңге көлемінде 1 биенің құнын өндіріп алу туралы А.Б.-ның талап арызы бойынша азаматтық істі қарады. Талап қоюшы жауапкерге бие үшін ақша төлегенін, бірақ ол үш жылға жуық уақыт бойы жануарды беруден жалтарып жүргенін айтты. Азаматтық істі сот талқылауына дайындау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру