​Каспий жағалауында 20 түйенің өлексесі табылды

21 сәуір 14:41 3111 рет қаралды

Каспий жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Каспий теңізінің жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер (ел ішінде «Досхана қорасы» аталып кеткен) 20 түйенің өлексесі табылды. «Бұл жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы керек. Бүгін қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып тастады. 

Қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария стансасының қызметкерлері шұғыл іске кірісіп, өлген түйелерді жою жұмысын қолға алып жатыр»,- делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру