Балықты Германияға да, Қытайға да жөнелтеміз

20 сәуір 12:09 2521 рет қаралды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мәліметі бойынша, 2020 жылы 75 миллион АҚШ доллары сомасында 35,7 мың тонна балық өнімі экспортталды.

36 алыс және жақын шетелге экспорт жасалды. Бұлар - Германия, Нидерланды, Ресей, Украина, Литва, Қытай, Өзбекстан, Әзірбайжан, Болгария, Венгрия, Грузия, Дания, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және басқа елдер.

Оның ішінде Атырау облысының субъектілері жалпы сомасы 5,7 млн АҚШ долларына 4,4 мың тонна балық және балық өнімдерін экспорттады.

Тоңазытылған-мұздатылған балық, балықтың жон еті, қақталған және ысталған балық, балық өнімдері, аспаздық өнімдер мен жартылай дайын өнім, балық консервілері, сондай-ақ, майлы-ұнды өнімдер секілді дайын өнімдер өндірісі жолға қойылды. Көксеркенің жон еті - ЕО елдеріндегі қазақстандық бренд.

Айнұр САПАРОВА

 





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру