Атырауда 97 адам ​COVID-19​ жұқтырған

20 сәуір 09:49 2250 рет қаралды

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 54 адам тіркелген.  Теңіз кенішінде 24 адам болса, Құрманғазы – 6, Мақат-2, Жылыой және Индер ауданында 4 адамнан инфекция анықталған. 

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 31 науқаста ауру белгілері бар. 

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 1111 адам үйден емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 81, модульдік стационарда 179, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 106,  фтизиопульмонология орталығында 40 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 150 адам емделіп жатыр. 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру