Армениядан келген автомобильдерге екі рет салық салына ма?

19 сәуір 16:24 1973 рет қаралды

Көлік салығын төлеу міндеті көлік құралын ҚР-ның мемлекеттік органдарында есепке қойған кезден басталады

Қазақстан аумағына ел азаматтары әкелген автомобильдер бүгінгі күнге дейін Арменияның уәкілетті органдарында тіркеу есебінен шығарылмағандықтан, екі мемлекет те осындай көлік құралдарына салық салуға үміткер бола алатын.

«Келіссөздер нәтижесінде Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген, меншік құқығы бойынша ҚР резиденттеріне тиесілі автомобильдерге конвенцияның 21-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес ҚР Ішкі істер органдарында тіркеу есебіне қойылған сәттен бастап ұлттық заңнамаға сәйкес ҚР-да ғана салық салынуға жатады деген уағдаластыққа қол жеткізілді», - деп хабарланды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.

ҚР Салық кодексінің нормаларына сәйкес көлік салығын төлеу міндеті көлік құралын Қазақстанның мемлекеттік органдарында есепке қойған кезден бастап туындайды.

Дереккөз:azattyq-ruhy.kz




Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру