​Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті

18 сәуір 11:55 1868 рет қаралды

Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны түсірілген видео тарады. Оқиға Ақмола облысында болған, деп хабарлайды Sputnik.kz

Кадрдан ересек адамның баланы кеудесіне қысып, судың ортасындағы тасқа жармасқаны байқалады.

Айналадағы адамдар жанұшыра айқайлап жатыр. Болжам бойынша, бұл Ақмола облысы Зеренді ауданындағы сарқырама.

"Әкесі қызымен бірге сарқырама алдында суретке түспек болған. Анасы мен айналадағы адамдар оны райынан қайтаруға тырысты, бірақ еш нәтиже шықпады. Қыз тастан құлап кетті, әкесі артынан секірді. Екеуі де судан шығарылды", - деп мәлімдеді куәгерлер.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру