Көптоғай ауылы: шекарадағы дау

18 сәуір 11:21 3769 рет қаралды

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Көптоғай ауылы Ресеймен шектесіп жатыр. Қиғаш өзенінің бойына орналасқан екі елді бөліп тұратын шекаралық белгіге байланысты бүгінде дау туып, көптоғайлықтар наразылық танытуда.

Жергілікті халықтың дүрлігуі 14 сәуірде Көптоғай ауылы тұсында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салудан басталды.

-Бұған дейін шекаралық қоршау Қиғаш өзенінің саласы «Отыз бес» деп аталатын өзектің арғы тұсында болатын. Бұл өзек ауылға жақын орналасқан. Енді келіп ол қоршауды өзектің бергі жағына шығарып, ауылдың іргесіне тақап қойды. Ауыл тек малмен күнелтеді. Ауыз су сағатпен беріледі. Біз сол өзектің суын ауыз су ретінде де, малға да пайдаланатынбыз. Бұл шекаралық белгіні неге жылжытты. Соған түсінбей далмыз. Неге бізге алдын ала айтпайды. Біз енді қалай күнелтеміз, ауыз суды қайдан тасимыз, мал қайдан су ішеді? Малға да сенім жоқ, шекарадан өтіп кетсе, шекараны бұзу болып табыла ма? - дейді Көптоғай ауылының тұрғындары Есбол ҚУАНҒАЛИЕВ, Дамир АЙМАШЕВ.

Ал мынау ресми хабарлама: «14 Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салу жұмыстары басталды деп» хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған «Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімі» бойынша екі ел арасында шекара белдеуі орнатылуда. Ал демаркациялық жұмыстар жүргізілмеген. Жаңа қоршауларды 2016-әскери бөлімі жүргізуде».

-Бұл жұмыстар бұрын басталуы тиіс еді, әртүрлі себептермен жүргізілмей қалған. Біз халықпен шекара қоршауы жұмыстары жүрместен бір күн бұрын кездесіп, түсіндірме жұмысын жүргізгенбіз, - дейді Құрманғазы ауданы әкімі Марат МУРЗИЕВ.

1800 метр қоршалу керек.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба





Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру