Атырауда үш жасөспірім өз құрдасын аяусыз ұрып тастады

17 сәуір 09:49 2670 рет қаралды

15 сәуірде әлеуметтік желіде үш жасөспірім өзіндей балаға дөрекілік көрсетіп, оны ұрып-соғып тастаған бейнежазба тарады.

Олардың бірі балағат сөз айтып, оқушының бетінен тебеді, содан кейін оған тағы екі жасөспірім қосылып, ұрады. Осының бәрі видеоға түсіріледі. Құтылып, қашып бара жатқан баланы қуа жөнеледі, сол жерде видео үзіледі. Анықталғандай, бұл оқиға 12 сәуірде сағат 18.30-да Авангард ықшамауданындағы Атырау облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының аумағында болған. Жәбірленушінің анасы полицияға арызданды. Полиция қызметкерлері ұрған балалардың жеке басын анықтады – олар 2005, 2007 және 2008 ж. т. жасөспірімдер.

– Аталған факті бойынша Атырау облысы полиция департаменті ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы («Адамдар тобы ала сөз байласу арқылы жасаған бұзақылық») бойынша тексеру жүргізуде, - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі. 

Ляззат КАРАЖАНОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру