Махамбеттегі «әзіл» айыппұлға дейін жеткізді

16 сәуір 10:59 2727 рет қаралды

Әдетте 1 сәуірде достар мен таныстар өзара әзілдейді, бірақ кейде сол қалжыңның арты жақсылыққа апармайтын кездер де болады. Осындай жағдай Махамбет ауданының орталығында азық-түлік дүкені бар кәсіпкер әйелге тап болды.

Түнде оған достары телефон шалып, оның дүкеніне ұры түсіп, бәрін түгелдей тонап кетті деп зәресін алады. Әйел бірден аудандық полиция бөліміне қоңырау шалады. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді, бірақ дүкен аман, ешкім тимегені анықталды. Ал қоңырау шалынған шақырту жалған деп саналды.

Осы «әзілдің» кесірінен дүкен иесі ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып жатыр («Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру») және оған 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді. Әзілқой достарының ұяты болса, осы қомақты ақшаны жинап беруге көмектесетін шығар деп үміттену ғана қалып отыр. 

Айнұр САПАРОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру