Атырау тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық табылды

15 сәуір 22:39 2967 рет қаралды

Бүгін, 15 сәуір  сағат 11:30 шамасында  Атырау облысы ПД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері "Бекіре-2021" жедел-профилактикалық  іс-шарасы аясында өткізілген арнайы операция нәтижесінде Атырау қаласының тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық (247 дана) бекіре тұқымдас балығын тәркіледі

- Аталған қылмысқа күдікті 1996 ж.т. азамат анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 339 бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру