АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

15 сәуір 17:35 2500 рет қаралды

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Тиісті жарлыққа АҚШ президенті Джо Байден қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгін (Джо) Байденнің әкімшілігі Ресей үкіметі мен барлау қызметінің АҚШ-тың егемендігі мен мүдделеріне қарсы әрекеттері үшін Ресейге қарсы шара қолданды", - делінген Ақ үй хабарламасында.

Осылайша, АҚШ Ресейдің Вашингтондағы дипломатиялық миссиясының 10 қызметкерін елден шығарады. "Америка Құрама Штаттары Ресейдің Вашингтондағы дипломатиялық миссиясының он мүшесін елден шығарады. Қызметкерлер арасында ресейлік арнайы қызмет өкілдері де бар", - делінген хабарламада.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру