​Энергетика және ТКШ басқармасы бәсекелестікке мән бермеді

13 сәуір 11:02 1788 рет қаралды

Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына мемлекеттік сатып алуға байланысты заңды бұзғаны туралы хабарлама жіберілді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізіп, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 1-тармағында ("Жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келген әрекеттерi") көзделген энергетика және ТКШ басқармасының іс-әрекеттерінде құқық бұзушылық анықтады.

Бұл жерде әңгіме 2020 жылы басқарманың «Атырау облысы аумағында газ тарату құбырлары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсету» қызметін бір көзден - "Интергаз Орталық Азия" АҚ-дан сатып алғаны туралы болып отыр. «Сонымен қатар, газ тарату құбырлары бойынша қызметтерді жүзеге асыру бәсекелестік ортада бар», - деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің баспасөз қызметі. Яғни, басқарма тендер жариялауы керек еді.

Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес басқарманың атына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылғаны туралы хабарлама берілді, ол алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуы тиіс. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру