Балық өсірушілерге субсидия көбейеді

13 сәуір 09:35 1826 рет қаралды

Биыл балық шаруашылығын дамытуға бірден бірнеше субсидия түрін бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман ЖҮНІСОВ хабарлады.

Бұл субсидиялар балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеуге, дәрілік препараттарға, балық өсіру материалына, сондай-ақ бағалы балық түрлерінің аналық табынын сатып алуға және күтім жасауға жұмсалатын шығындардың 50%-ын өтеуге арналған.

Естеріңізге сала кетсек, қазір мемлекет балықтың жем-шөбін сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30%-ын субсидия бөліп отыр.

– Біз балық өсіруге қатысты кез келген жобаны қолдауға дайынбыз. Жаңа субсидиялар балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасында қарастырылған. Қазір «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» енгізілетін түзетулер жобасы Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің қарауында жатыр, менің ойымша, оң шешімін табады, – дейді Н. Жүнісов. 

Айнұр САПАРОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру