Тоқаев неге Sputnik V вакцинасын салдыртты - министр жауабы

7 сәуір 17:44 1497 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қасым-Жомарт Тоқаевтың неге Sputnik V вакцинасын салдыртқанын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Sputnik V да қазақстандық вакцина. Ол Қазақстанда шығарылады. Иә, ішіндегі субстансасы Ресейде жасалған, бірақ ол Қазақстанда өндіріледі. Барлық жерде: орамасының сыртында, зауытта да "бұл вакцина Қазақстанда өндірілген" деп жазылған, - деді Алексей Цой "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.

Бір күн бұрын Тоқаевқа Қарағанды зауытында шығарылған Sputnik V вакцинасы салынды.

Вакцинациядан кейін Президенттің денсаулығы жақсы. Жанама әсерлері жоқ, - деді Мемлекет басшысының баспасөз өкілі Берік Уәли.

Осы жылдың қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыртуға ниетті екенін мәлімдеді. Қазір препарат клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен өтуде, оны осы жазда аяқтау жоспарланған.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру