Қарабатанда көлік шиналарына арналған бутадиен өндіретін зауыт салынады

7 сәуір 11:09 2166 рет қаралды

Ол Қарабатандағы «Ұлттық индустриялық мұнайхимия технопаркі» Арнайы экономикалық аймағының алаңында орналасады.

«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, «Татнефть» ЖАҚ-пен бутадиен каучуктарын өндіру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру 2025 жылға дейін жоспарланған. Қуаттылығы - жылына 186 мың тонна бутадиен каучуктары мен 170 мың тонна изобутан, ал шикізат «Теңізшевройл» өндіретін бутан болмақ. Өнімдер қазір Қарағанды облысының Саран қаласында салынып жатқан көлік шиналарын шығаратын зауытқа жеткізіледі, ол ішкі нарыққа да, экспортқа да шығарылады (Еуропа елдері, Ресей, Қытай).

Ұлттық компания бұл жоба құрылыс кезеңінде 2 мыңға жуық және Қарабатандағы зауытты пайдалану кезінде 400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп сендіреді.

Жақында Саран қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, Татарстан президенті Рустам Минниханов, ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «Татнефть» ЖАҚ Бас директоры Наиль Магановтың қатысуымен шина шығаратын болашақ зауыттың алғашқы тасын қалау рәсімі өтті.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Стирол-бутадиен-стирол (СБС) битумды модификациялау үшін, адгезивтер, желімдер мен резіңкелер өндірісінде қолданылады.

Бутадиен – стирол-синтетикалық каучук (ДССК) - тозуға төзімділігі, аязға төзімділігі және динамикалық төзімділігі жақсы шиналар өндірісінде қолданылады. 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру