Алматыда "Finbet" букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды

7 сәуір 09:21 1597 рет қаралды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "Finbet" букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында "Finbet" букмекерлік кеңсесінің басшылары букмекерлік қызметпен қатар Қазақстан аумағында аса ірі мөлшерде, 300 млн теңгеден астам сомада кіріс алумен заңсыз ойын бизнесімен айналысқаны анықталды.

Құмар ойындарға құқыққа қайшы ақшалай мөлшерлемелерді қабылдау Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған.

Сот үкімімен үш айыпталушы ҚР ҚК 307-бабы 3-б. 2-т. (аса ірі мөлшерде табыс алумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп танылып, екі ұйымдастырушыға шартты түрде 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, ал біреуіне 2,4 млн.теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Қылмыстық іс бойынша 100 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражаты мен басқа да мүліктер тәркіленді.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру