Тайвандағы пойыз апатында қаза тапқандар саны 48 адамға жетті

2 сәуір 16:06 2276 рет қаралды

Хуалянь уезіндегі туннель маңында болған пойыз апатынан қаза тапқандар саны 48-ге жетті, тағы 118 жолаушы ауруханаға жатқызылды. Құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат TaiwanNews-ке сілтеме жасап. 

Теміржол апаты Хуалянь уезінің аумағында тау туннеліне кіре берісте орын алған. Taroko Express пойызының сегіз вагонында 350 жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, пойыз еңістен төмен қарай келе жатқан құрылыс машинасымен соқтығысқан. 

Салдарынан екінші және үшінші вагон рельстен шығып кеткен, туннель қабырғасына соғылып деформацияланған. Қаза тапқандардың көпшілігі соңғы екі вагоннан табылды, деп хабарлады Тайвань теміржол әкімшілігі. Ел үкіметі щұғыл көмек орталығын құрды. Бұған дейін Тайвандағы пойыз апатынан 36 адам қаза тауып, 72 жолаушы зардап шеккені хабарланған болатын.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру