Атырау тұрғыны құны 50 миллион болатын есірткімен ұсталды

31 наурыз 13:50 2393 рет қаралды

29 наурызда Атырау облысы полиция департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Кейін оның Гайдар көшесіндегі пәтерінде тінту жүргізген кезде «қара базарда» құны 50 миллион теңге болатын 1 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.

- ҚР ҚК-нің 296-бабы 4 бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын, заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ. Ұсталған азамат уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.   


Айнұр САПАРОВА

Бейнежазбаны ПД ұсынды





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру