"Пашинян бәріне қарсы: Арменияда не болып жатыр?​". "Құрылыс материалдарының құны аспандады. Себеп неде?​". "Миллиардтардың буы. Модульді ауруханалар құрылысынан қанша қаржы ұрланды?​".

12 наурыз 15:35 3991 рет қаралды

365INFO.KZ«Пашинян бәріне қарсы: Арменияда не болып жатыр?» - Армениядағы жағдай хаос пен белгісіздік шегіне қарай бет алуда, оған кінәлі – премьер-министр Никол Пашинян. Армения премьер-министрі оппозицияны ғана емес, сонымен бірге әскер, шіркеу басшылары мен қоғам өкілдерін де өзіне қарсы қойды.

«Экономика қалпына келіп жатыр, бірақ баға өсе береді — сарапшылар болжамы» - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынды.

«Феминистер шеруі: оған кімдер шықты және не үшін сынға алды? – сарапшы» - Алматыда 8 наурызда өткен “феминистер маршы” оң тәжірибе деп есептейді Дағдарыс орталықтары одағының басшысы Зульфия Байсакова. Адамда наразылық жинақталған кезде алайда бұл туралы ашық айта алмаса жаман. Ал оны бұл құбылыстың қарсыластары айта бастағанын сарапшы қоғамда қалыптасқан “қос мораль” деп түсіндірді.

«Зейнетақы жарналарын қазір жұмсаудың мәні бар ма? — сарапшы» - Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалануға рұқсат етілгеннен кейін (жеткіліктілік шегі сақталған жағдайда, әрине), бірден осы қаражатты қайда жұмсауға болатыны туралы жаңа идеялар пайда болды. Кейбіреулер көлік сатып алуға рұқсат беруді ұсынды, басқалары емделуге немесе тіпті демалысқа алуды ұсынды.

KURSIV.KZ. «Қаржы пирамидасының негізгі белгілері» - Қаржы пирамидаларын жасаушылар өздерінің алаяқтық схемаларын әртүрлі тәсілдермен бүркемелеуге тырысады. Олар бағалы қағаздармен, зергерлік бұйымдармен, криптовалюталармен, туристік жолдамалармен және басқа да тауарлармен немесе қызметтермен сауда жасайтындығына және оның бәрі заңды түрде екендігіне сендіруі мүмкін. 

«Құрылыс материалдарының құны аспандады. Себеп неде?» - Экономиканың қай саласы да бір-бірімен байланысып, селбесіп жатыр. Әрқайсын жеке дара ажыратып қарау тіпті мүмкін емес. Нарықтық экономика жағдайында бір проблеманың себебін бір саладан іздеу одан әрі қиындай түсті. Әр сәт бағасы аспандап, отандық баспана нарығына да салқынын тигізіп тұратын бір түйткіл – құрылыс материалдарының қымбаттауы. 

AZATTYQ.ORG. "Еркіндігімізге төнген қауіп". Заңгерлер "Адвокаттар жұмысы туралы" жаңа заң жобасына неге наразы?» - 13 наурызда Алматыда заңгерлер мен адвокаттар парламентте қаралып жатқан «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға қарсы рұқсат етілген бейбіт митингіге шықпақ. Адвокаттар бұл заңға неге қарсы? Митингіге шығуға не түрткі болды? Азаттық бұл сауалдарды құқық қорғаушы, заңгер Амангелді Шорманбаевтан сұрады.

«"Қазақ, ұйғыр жойылғанша". Newlines институты Қытай саясатын геноцид деп, құқықтық дәлел келтірді» - Қытай үкіметінің Шыңжаңдағы қазақ және ұйғыр секілді діні ислам ұлттарға қарсы саясатын геноцид деп атайтындар көп. Бірақ олардың көбі ұғымның кең ауқымды анықтамасына сүйенеді. Енді америкалық Newlines стратегия және саясат институты Пекин саясатының геноцидтің құқықтық анықтамасына сай келетінін мәлімдеп, дәлел келтіріп отыр.

«"Сарайлар, Maybach, Rolls Royce". Лукашенконың "шалқыған өмірі" жайлы фильмге қысқа шолу» - Польшада орналасқан Беларусьтің оппозициялық Nexta телеграм-каналы Александр Лукашенконың (Орталық сайлау комиссияны 2020 жылы ел президенті деп жариялаған) “шалқыған өмірі” жайлы фильм жариялады.

NEGE.KZ. «Шалқар көлі тартылып барады» - Экология министрі бұны Мұғалжар тауларында жауын-шашынның аз түсуімен байланыстырады.  Шалқар көлінің түбін тазарту жұмысы басталады. Бұл жөнінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында жазды

«Миллиардтардың буы. Модульді ауруханалар құрылысынан қанша қаржы ұрланды?» - Өткен жылдың тамызында «Қазақстан бойынша 13 модульді аурухана салынады» деген хабар тарағанда талай құрылысшының құлағы көтерілгені анық. Бірақ солардың бәрін бір ғана BI Group «ауызға ұрып» кетті.

«Су үшін соғыс: Көзір кімнің қолында?» - Жер шарында 2 миллиардқа жуық адам су тапшылығын сезіп отыр. Тіпті, оның 783 миллионы таза су ішпепті. Күн сайын 1000 бала судан болған аурудан көз жұмады. Әлемдік су қорының 70 пайызы ауылшаруашылығын өркендету үшін жұмсалады. Бұл – БҰҰ таратқан деректің бір парасы ғана.

«Нұрланның жолы». Экс-депутат НЕГЕ өкпелі?» - Nege.kz порталында экс-депутат Нұрлан Әлімжанов туралы «Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан әкімдігінен жұмыс сұрап жүр» деп аталатын шағын мақала жарияланған-ды. Осыған байланысты редакцияға өзін «Әлімжановтың тікелей менеджерімін» деп таныстырған Динара Оразбаевадан хат келді.





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру