Түркістанда жеке үйде төрт бала мен бір ересек адамның жансыз денесі табылды

28 ақпан 00:24 1622 рет қаралды

Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде 5 адамның жансыз денесі табылды, оның төртеуі кәметлекетке толмаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талған Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18:35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне «103» қызметінен Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде көршілері 5 адамның, оның ішінде 4 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйітін тауып алғаны туралы хабарлама түсті. Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған», - деп нақтылады Талғат Уәли.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«ТЖД (6 қызметкер, 2 бірлік техника), ПД ( қызметкер, 4 бірлік техника), жедел-жәрдем бригадасы (3 маман, 1 бірлік техника), «КазТрансГаз» АҚ (3 маман, 1 бірлік техника) мамандары оқиға орнына барды. ТЖМ газ құралдарын пайдалану кезінде қарапайым қағидаларды сақтауға шақырады», - деді ресми өкіл.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру