Аяздан мал да қиналды

25 ақпан 15:08 2048 рет қаралды

Ауа райының күрт суытып, қатты жел тұрғаны малға да жайсыз тиюде. Әлеуметтік желіде 24 ақпанда «Атырау-Орал» трассасының Индер ауданы Есбол, Елтай, Аққала ауылдарының маңында үйір-үйір жылқылардың ығып, суыққа ұшырап жатқаны жөнінде бейнежазба тарады. 

Ақпанның ақ бораны толастар түрі жоқ. Түнге қарай тіпті белең алып, аяз күшейіп кеткен. Осыған қарамастан Индер ауданы әкімдігі аудан аумағында топталған жылқылардың иелері анықталып, айдап кеткенін хабарлады.

Индер ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Саулет ЕСЕТОВ:

- Шамамен 300-дей жылқы трассаның ауыл жақ бетіне ығып өтіп кеткен. Көлікке соғылып қалмас үшін түнде жылқыларды жолдың келесі бетіне айдап шығардық. Ал құлап жатқан жылқыларды иелері алып кеткен. Біз түнімен біраз жерді шарладық. Түйелер жыңғылдан ықтасын тапқан. Суыққа үсіп өліп жатқан мал жоқ. Жағдайды бақылауға алып отырмыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру