Теңіз үстіндегі қуғын

22 ақпан 20:17 2253 рет қаралды

"АЖ" ақпараты бойынша, Атырау облысы су полициясы 300 келі заңсыз ауланған сазанмен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының Дамбы инспекциясы бастығының жүргізушісін ұстады.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. «Chevrolet NIVA» автокөлігі қызметтік қамауға қойылып, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөзден түскен тағы бір бейнежазбада біздегі ақпарат бойынша, шекара қызметінің сақшылары теңіздегі мұздың үстінде аэрошанамен мотоциклдегі браконьерлерді қуып келе жатыр. 

Екі бейнежазбаға қатысты толық ақпаратты ПД әзірлеуде.

Бірінші видеоға қатысты Атырау облысы полиция департаменті хабарламасы: "16 ақпан күні Дамбы селосы маңынан 41 жастағы азаматтан жалпы салмағы 310,5 кг болатын сазан балығы табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы ("Балық ресурстарын заңсыз алу") бойынша тергеу жүргізілуде".

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Бейнежазбаны "АЖ" дереккөздері жолдады



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру