Аустралияда тұрғындарға жаппай вакцина егу процесі басталды

22 ақпан 11:46 1068 рет қаралды

Аустралияда тұрғындарға жаппай вакцина егу процесі басталды, деп хабарлайды ВВС.

Вакцинаның сенімділігіне халықтың көзін жеткізу үшін алғашқылардың бірі болып елдің премьер-министрі Скотт Моррисон екпе алды. Оған коронавирусқа қарсы екпе егу сәті телеарнадан көрсетілді. Вакцинаның бірінші дозасын алған алғашқы науқас – 85 жастағы Джейн Малысяк. 

Кампанияның алғашқы күні шағын топ вакциналанды: негізінен, медицина қызметкерлері мен қарттар үйінің тұрғындары.

Апта ішінде 60 мың адамға вакцина егу жоспарланып отыр. 

Аустралия қазіргі уақытта пайдалануға Pfizer и AstraZeneca вакцинасын мақұлдады. Аустралияда пандемия басталғалы 29 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, 909-ы қайтыс болды.

Дереккөз:inform.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру