​"Киік пен бұғының төлдегені үшін ақшаны министрлік алады​". "Навальный Ресейдің келесі президенті болуы мүмкін​". "Қазақ қара алтынсыз болашаққа дайын ба?​". "Биткоин «сандық алтын» атанды​".

19 ақпан 16:10 2050 рет қаралды

Inbusiness.kz. «Киік пен бұғының төлдегені үшін ақшаны министрлік алады» - Бұл бір жағынан дұрыс. Ұлы даланы сан жылдар мекендеген түз жануарлары жойылып кетпеуі керек. Алайда бұл бетбұрыстар бәрібір браконьерлердің қаскөй тірлігіне тұсау салмапты.

«Навальныймен байланысты санкциялар ЕАЭО елдеріне қалай әсер етеді?» - Еуразиялық экономикалық кеңес алқасының Навальный ісі бойынша Ресейге салынатын санкциялар туралы пікір білдірді. 

«Биткоин «сандық алтын» атанды» - Құны 50 мың доллардан асқан виртуалдық ақшаны инвесторлар мен компаниялар мойындай бастаған тәрізді.  Биткоин тоқтаусыз өсіп, сейсенбіде оның бір бірлігінің құны алғаш рет 50 мың доллардан асып кетті.

Azattyq.org. «"Күйеуімізге ілесіп кете бердік". Сириядан оралған екі әйелдің хикаясы» - Сабинелла мен Айдана Сириядан Қазақстанға екі жыл бұрын оралған. Олар елге Таяу Шығыстағы соғыс аймағындағы Қазақстан азаматтарын шығаруға арналған “Жусан” арнайы операциясы аясында келді. Екеуі де соғыс ошағына балаларымен бірге күйеулері әкеткенін айтады. Күйеулері “Ислам мемлекеті” террорлық тобының құрамына кіріп, Сирияда қаза болған. Ал екі әйел балаларын құтқару үшін қақтығыс ошағында қалған. 

«"Адам құқығының жайына алаңдаймыз". Еуропарламент депутаты Хейди Хауталамен сұхбат» - Осы аптада Еуропарламент қабылдаған қарарда депутаттар Қазақстанда адам құқықтарының жағдайы айтарлықтай нашарлағанын мәлімдеп, құқық бұзуға қатысы бар лауазымды тұлғаларға санкция салуға үндеді. Еуропарламент вице-президенті Хейди Хаутала осы қарарды қолдап дауыс берген көп депутаттың бірі. Азаттыққа берген сұхбатында Хейди Хаутала Еуропарламент қарары мен оған Қазақстанның реакциясы, санкция салу ықтималдығы туралы айтты.

«"Путин сарайының" маңынан патриарх Кириллдың "сарайшығы" табылды» - "Открытые медиа" басылымы "Путин ривьерасы бойынша жолнұсқа " деп аталатын зерттеуін жариялады. Онда Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы Геленжик қаласы маңындағы "Путин сарайы" деп аталатын нысанмен көрші орналасқан жылжымайтын мүліктер мен жер телімдері жайлы айтылады.

«Қымбат тұратын "тегін" ем. Тәжікстан билігінің уәдесі мен аурухана төлемі» - Тәжікстан билігі коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға "тегін" медициналық көмек көрсетіледі дейді. Бірақ науқастар ауруханадағы шынайы жағдайдың ресми дерекке сай келмейтінін айтады.

Zhasalash.kz. «Жамбылға неге жала жабамыз?» - Атын атауға қорқатын жұқпалы дерт тағы бір досымды алқымнан алып, тынысын тарылтып, есін жидырмай, қайтпас сапарға аттандырып жіберді. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолжазба бөлімінің меңгерушісі Тоқтар Әлібеков қазақтың ауыз әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан әдебиетші-ғалым еді.

«Қасымның тағдыры бұрмаланған» - Арада 110 жыл өткенде, дауылпаз ақын Қасым Аманжолов жайында шындық  тағы ақтарылды. Тағы деуіміздің себебі, осыдан 10 жыл бұрын  Қасымның  ғасырлық мерейтойы туған жерінде тойланғанда, жыр жаухарының шынайы өмірі туралы көнекөз  ақсақалдар тың  мәліметтер  айтқан болатын. Бірақ, оны зерттеуге ешкім құлық танытпағандықтан, жабулы қазан күйінде  ұмыт қалды.  Ал,  құнды мәліметтен хабардар еткен кезінде   ақынның әке-шешесімен ағайындай айналасқан  адамдардың  ұрпақтары еді. Сол шежіре шалдардың соңғы  көзі тірі буыны  біздің әңгімеге  өзек жалғаған кейіпкеріміз.

«Навальный Ресейдің келесі президенті болуы мүмкін» - Қазақстандық экономист Рахымбек Әбдірахманов Украинаның ұлттық реформалар кеңесінің басшысы Михаил Саакашвилимен сұхбаттасыпты. Оның видеосы кеше ғана YouTube-те жарияланды.

«Мұнай мен Құдай: Қазақ қара алтынсыз болашаққа дайын ба?» - Халықаралық нарықтағы ең ірі инвестициялық банк саналатын Goldman Sachs банкінің сарапшылары «бүкіләлемдік тауар биржаларында мұнай енді бұрынғыдай болмайды, одан әрі арзандайды» деген қорытынды айтып отыр.   

Qamshy.kz. «Байден: Енді Трамп туралы ештеңе айтпаймын» - АҚШ президенті CNN телеарнасының қалалық ғимаратындағы іс-шарада "Төрт жыл ішінде жаңалықтың бәрі Трамп қана болды. Алдағы төрт жылда мен барлық жаңалықтардың Америка халқы туралы екеніне көз жеткізгім келеді" деді.

«Батыс неге Иранның уран өндірісінен қауіптенеді?» - 2015 жылы әлемдік алпауыт елдер мен Иран арасында жасалған ядролық келісімнен Вашингтон шыққаннан кейін, Иран уран өндірісін жандандыра түсті. Бұған Франция және Ресей алаңдаушылық білдіріп, Иранды байсалды және салмақты болуға шақырып отыр.

Baq.kz. «Wildberries. Енді Ресейде заңды тұлға ретінде тіркелудің қажеті болмайды» - Министрлік Wildberries компаниясымен маркетплейсте кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген тіркеу туралы келісімге келді. Енді Ресейде  заңды тұлға ретінде тіркелудің қажеті болмайды және қосылған құн салығын төлеу алынып тасталады.

«Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?» - Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 160,9 млрд доллар. Банк секторы қарызы 5,2 млрд доллар, өзге сектордың берешегі 20 млрд доллар.

Nege.kz. «Қалетаевтың кеңесшісі Киевте шайқап жүр» - Қазақтың дипломаттары өзге жұртты таң-тамаша етуін тоқтатар емес. Бұл жолы Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаевтың кеңесшісі Думан Қызырдың «өнерін» көрдік.

«Жириновскийден «жауап» келді» - Өткен жылдың соңында Ресей Мемдумасының атышулы шовинистері Никонов, Федоров және Жириновский Қазақстанның мемлекеттігіне, жерінің біртұтастығына күмән келтіріп, сыңаржақ пікір айтқан. Осыдан соң Nege.kz порталы әлгі үшеуге «сәлемдеме» салып жіберген-ді.

«Бөріхан Нұрмұхамед: Қазір біз ортадан да төмен адамдарға билік тізгінін беріп қойдық» - Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың: «Ашаршылықты саясиландырудың қажеті жоқ, ашаршылықты бір ғана ұлтқа жасалған қылмыс деп айтуға келмейді», – деп пікірі қоғамда қызу талқыға түсті.

«Ковидке рахмет! Ірі мұнай компанияларында қазақстандық мамандардың саны неге артып келеді?» - Қазақ мұнайын игеретін халықаралық компаниялар қатысып отырған үш алпауыт: ТШО, NCOC пен KPO-ның басшылық құрамы дәстүрлі ротация кезеңін бастап кетті. Коронавирус пандемиясы мен ротация үрдістерінің барысында шетелдіктерді қазақстандықтардың алмастыра бастағаны байқалып отыр

«Алтынай Жорабаева: Көрген зорлығымның бәрін айтсам, ол жер бетінде ешкімнің бетіне қарай алмайтын еді» - Белгілі әнші Алтынай Жорабаева «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына қатысты белсенді түрде ойын айтып жүр. Оның пікірінше, бізге мұндай заңның керегі жоқ. Неге? Бұл жайында әншінің өзінен сұрадық.





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру