Қазақстанның экспорттық мұнайының үштен екісі КҚК жүйесі бойынша өтуде

16 ақпан 18:09 2300 рет қаралды

2020 жылы пандемияға және ОРЕС+ шектеулеріне байланысты Қазақстанда мұнай мен конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады. Бұл ретте, экспортқа 68,5 млн тонна мұнай жіберілсе, оның 51,7 млн тоннасы КҚК құбыр жүйесі арқылы жіберілді. Осылайша, КҚК магистральдық мұнай құбыры арқылы Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы тасымалданды.

Орталық коммуникациялар қызметінде Каспий Құбыр Консорциумының бас директоры Николай Горбань, ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі бас директордың орынбасары Қайыргелді Қабылдин және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаев 2020 жылғы КҚК қызметіндегі өндірістік-қаржылық көрсеткіштер және Консорциумның алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы айтып берді.

ОКҚ жазбасына сілтеме

«Барлығы Новороссийскідегі Теңіз терминалынан КҚК 572 танкерді жөнелтті. ОПЕК+ уағдаластығына сәйкес мұнай экспортындағы шектеулер қазақстандық Жүк жөнелтушілердің мұнайды қабылдау-тапсыру кестелерінде көрсетілген және бұл Теңіз терминалы арқылы мұнай жөнелтудің төмендеуіне себеп болды», - деді Николай Горбань. Бұл ретте КҚК негізгі түсімі 2020 жылы 2 111,1 млн. АҚШ долларын құрады. Салық салынғаннан кейінгі таза пайда 630.1 млн. АҚШ долларына тең. Ал Қазақстан Республикасына төленетін төлемдер 69.8 млн АҚШ доллары көлеміндегі корпоративтік салықтан және 16.4 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі мүлік салығынан тұрады.

Тәуелсіздікке 30 жыл және КҚК-ға 25 жыл

2021 жылы Каспий Құбыр Консорциумының 1996 жылғы 6 желтоқсанда акционерлер шартына қол қойылғанына 25 жыл толады. Осы құжаттың талаптары бойынша «КҚК-Р» АҚ және «КҚК-Қ» АҚ құрылды, бұл компанияның қазіргі заманғы түрінде құрылуын белгіледі. КҚК акцияларының 50% - ы Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры жүйесінің бірінші кезегін салуды және пайдалануға беруді толық қаржыландыру міндеттемесімен ірі халықаралық мұнай компанияларына берілді. КҚК қауіпсіз және сенімді тасымалдау жүйесін құра отырып, ҚР бүкіл мұнай-газ саласын дамытуда негізгі рөл атқарды. 2001 жылдан бастап 2021 жылғы 10 қаңтарға дейін қоса алғанда Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры жүйесі арқылы әлемдік нарықтарға 700 млн тоннадан астам мұнай жеткізілді, оның 87%-ы - Қазақстанның Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан алынған мұнай.


Атырау облысындағы әлеуметтік жобаларға 10 млн доллар

Пандемияға қарамастан, КҚК Атырау облысының тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруды жалғастырды. "Жұлдызай" медициналық оңалту орталығы үшін жабдықтар сатып алынды, аудандық ауруханаларға жедел медициналық жәрдем автокөліктері жеткізілді. Аудандық ауруханаға компьютерлік томография жеткізілімін қаржыландырды. 

Сонымен қатар, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және Жасөспірімдер үйіне арналған жаңа ғимарат салынуда, жетім балалар есейген кезде осы жерге балалар ауылынан көшіп келетін болады. 2020 жылы барлығы 3 млн долларға қайырымдылық жобалары іске асырылды. 2016 жылдан бастап КҚК Атырау облысында 10 млн долларға жуық сомаға қайырымдылық көмек көрсетті.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру