Қытай алғаш рет ЕО-ның ең ірі сауда серіктесі болды

16 ақпан 09:40 1352 рет қаралды
Сурет: pexels.com

Қытай 2020 жылы Еуроодақтың (ЕО) тарихи одақтасы АҚШ-ты бірінші позициядан ығыстырып, ЕО-ның ірі сауда серіктесі болды, - деп хабарлайды Xinhua.

Еуростат еурокомиссия статистикалық агенттігі есебінде Қытаймен сауда көлемі 2020 жылы 711 миллиард долларға жеткені көрсетілген. Бұл есепте АҚШ көрсеткіші - 673 миллиард. 2020 жылдың басына дейін ЕО сауда серіктестері тізімін бастап тұрған америкалық тауар саудасы айтарлықтай төмендеген.

"2020 жылы Қытай ЕО-ның басты серіктесі болды. Еуроодаққа ҚХР-дан импорт мөлшері 5,6 пайызға, ал экспорт 2,2 пайызға өсті. АҚШ-тың ЕО-ға импорты 13,2 пайызға, ал ЕО-ның АҚШ-қа экспорты 8,2 пайызға төмендеді", - делінген құжатта.

Пандемиядан бөлек, сауда динамикасына Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуы да себеп болды.

"Бұл нәтиже Қытай мен ЕО арасындағы экономика және сауда ынтымақтастығының тұрақтылығы мен маңызын көрсетеді", - деді ЕО-дағы Қытай өкілдігінің басшысы Чжан Мин.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай Еуропаға Қазақстан мен Ресейді айналып өтетін көлік дәлізін ашқан болатын.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру