Үй сұраған марқұм Нұрқаділовтің қарындасы баспаналы болды

9 ақпан 16:30 3438 рет қаралды

Көптен көмек сұрап, Интернетте видео жариялаған марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қарындасы үйлі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қиын жағдайға тап болған отбасы осы видеодан кейінгі болған жайттарды Youtube-тегі "Жылқышыбаймен сұқбат" арнасына тәмпіштеп, баяндап берді.

"Аллаға, содан соң халқыма дән ризамын. Жанашыр. мейірімді жандар елімізде көп екеніне алғаш рет менің көзім жетті. Қазақ халқыма көп-көп рақметімді айтамын. Негізі, Заманбек ағаның атын пайдаланып, үйлі болайық деген ойымыз болған жоқ. Тек біз өзіміздің мүшхіл халімізді айттық. Арасында ол кісіге туысқандығымыз бары айтылып қалды. Енді осы жағдайдан түсінгенім, Заманбек ағамыз бір әулеттің ғана емес, күллі қазақтың баласы екен. . Бір тәулік ішінде менің шотыма 7 миллион теңге түсті. Қазір 10 миллиолн 200-дей болды. Одан кейін Қарадала ауданының жігіттері бар, солар да ақша әкеліп қосты. Жалпы, туған-туыстардан біздің осы әрекетімізге байланысты бір реніштері болса, кешірім сұраймын", - дейді ол.

Оның айтуынша, кейбіреулер телефонына қорқытып, хабарламалар жазған. "Алаяқ, заңмен қудаланасын" десе бірі, тағы бірі: "Оның бауыры сен емес, мен" деп дауға тартқан. Түрмеден де белгісіз біреу звандап, қоқан-лоқы көрсеткен. "Бауырлар арасында бас кесілмесін" деген сияқты қорқыту-үркіту сөзі айтылыпты. "Расында да қорықтым. Қатты қорыққанымнан артынан оларды ашпай да қойдым", - дейді Қалабаева.

"Менің анам - Қалабаева Рая Байқожақызы өтірік айтпайды. Мен сол кісіден естігенімді айттым. Ол кісінің есте сақтау қабілеті күшті. Кезінде есепші болған кісі ғой. Тек, міне соңғы жылдары наркоз алып, осындай күйге түскені болмаса. Міне, төлқұжаты. Анамның айтуы бойынша, менің нағашы атам Байқожа 1943 жылы соғыстан қолынан жарақат алып, ауылға қайтып келеді. Ал ана кісі қайтыс болып кетіпті. 1944 жылы Заманбек ата туылады. Анам Заманбек атаның шешесі Күлшарбанмен тату-тәтті тұрған. Анамның шешесі Тұрлықанды әмеңгерлікке алған. Сонда анам мен Заманбек атаның әкесі бір, бірақ шешелері бөлек болған ғой. Сондай тікелей туысы болады, әрине", - дейді Әсел Қалабаева даулы жайтқа нүкте қойып.


Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру