Апат жасап, жолаушысының белдік тақпағаны үшін жазаланды

2 ақпан 17:01 1749 рет қаралды

Индер аудандық соты ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тармағы («Адам өліміне әкелген көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы»)  бойынша айыпталған азамат А.С.-ға үкім шығарды.

Іс материаоларына сүйсенсек, өткен жылдың 20 қазанында «Атырау-Индер» жолының 115\55 шақырымында «Toyota Avalon» көлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, көлік аударылады. Салдарынан көлік ішіндегі жолаушы әйел салон ішінен шығып кетіп, шанақ астына басылып қалады. 

Тергеу барысында әйелдің қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды. Сот жүргізуші белдік тағуды әйелден талап етпеген деп есептеді. Жәбірленуші тараптың өкілдері сотталушыдан кешірім сұрады. Десе де ол 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру