​Далада маскасыз жүргені үшін айыппұл салу дұрыс па?

15 қаңтар 14:59 1005 рет қаралды

Көшеде азаматтарға маскасыз жүргені үшін айыппұл салған дұрыс па? Бұл сұраққа Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаель Гасанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Рафаель Гасановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихаты барысында спикерге «Қазақстанның кейбір өңірінде мобильді топтар (құрамындағы полиция қызметкерлері арқылы) көшеде маскасыз жүрген азаматтарға Әкімшілік кодекстің 425-бабын негізге алып, 40 мың теңгеден артық айыппұл салған. Бұл заңды ма?» деген сұрақ қойылған болатын. 

Бұл сұраққа жауап берген Рафаель Гасанов ең алдымен елдегі бүкіл әкімдіктерге үндеу жолдады.

«Тыңдаңыздар! Жазалаудан бұрын превенцияға жұмыс істеу керек. Адамдарға алдымен түсіндірген абзал. Сұрақ дұрыс қойылып отыр. Өз басым азаматтарға жөнсіз айыппұл салына бермеуі керек деп есептеймін. Халық алдымен салық төлеп отыр. Сол салықтан олар (әкімдік қызметкерлері) айлық алады. Яғни, халыққа бас-көз жоқ айыппұл сала бермей, жадынамаларды таратып, түсіндірме жұмыстарын күшейткен абзал. Бір сөзбен ақпараттық түсіндіру жұмысы жаппай жүргізілуі керек. Алдымен түсінік жаздыру керек, болмаса бір рет ескерту жасаған дұрыс», - дейді Рафаель Гасанов.

Оның айтуынша қоғамда шынында да тәртіпті өрескел бұзатындар бар. Рафаель Гасанов сонымен қатар бұл оқиғалардың заңдылығын анықтауға уәде берді. 

«Өзіміз де ел ішін аралап жүрміз. Тәртіпті өрескел бұзған азамат сол мемлекеттік қызметшінің өзіне де арыз жазуы мүмкін. Осы кезде араға қоғам өкілдері кіруі керек. Бәріміз адамбыз ғой. Солай емес пе? Бұл мәселенің кемшіліктері де, артықшылықтары да бар. Жазалау әдісіне салсақ, ендеше елдің жартысына айыппұл салайық. Бұл ақымақтық болар еді», - деді Рафаель Гасанов.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру