Полиция қайыр сұраушыларды жазалады

15 қаңтар 10:22 1080 рет қаралды

Атырауда жедел-профилактикалық іс-шара барысында қайыр сұрағаны үшін қаланың 6 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шара қоғамдық орындарда адамдардан ақша сұрап, мазалайтындарды анықтап, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілуде.

Мысалы, 7 қаңтарда №9 мектептің маңында қайыр сұрап тұрған Ақ депо ықшам ауданының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы («Қоғамдық орындарда тиісу») бойынша хаттама толтырылды. Осы баппен бұрын да көзге түсіп, қайыр сұрауды кәсіп еткен тағы екі қала тұрғыны жазаланды. Құқық бұзушылықты қайталағаны үшін оларға 10 АЕК – 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Былтыр қайыр сұраушылар осындай құқықбұзушылықтарды жасаған 814 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру