​«Жедел жәрдемге» тағы 20 көлік келді

13 қаңтар 16:09 561 рет қаралды
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Бүгін, 13 қаңтарда облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасы тағы 20 медициналық көлікпен толықты. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қазір стансада жаңа 66 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 20-сы бүгін берілсе, 46-сы өткен жылы жеткізілді.

Облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Бауыржан ТӨЛЕГЕННІҢ айтуынша, 20 көлік «ҚДБ – лизинг» арқылы алынған. Оның 3 аудандарға бөлінетін болса, қалған 17-сі қалалық жедел-жәрдем стансасына беріледі. 

- Бүгінде облыстық жедел-жәрдем беру стансасына тәулігіне 700-750 шақырту түседі. Пандемия өршіген тұста қоңыраулар саны 1700-ге дейін жетті, - дейді Б.Төлеген. – Қазір коронавирус жұқтырған науқастарға жедел-жәрдем көлігі әрі кетсе 12-13 минутта жетеді.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазір өңірде бұрын пандемия өршіген кезде құрылған COVID-таксилері жоқ. 

Айнұр САПАРОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру