YouTube Трамптың аккаунтын бұғаттады

13 қаңтар 12:08 462 рет қаралды

YouTube хостингі АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың аккаунтын кем дегенде бір аптаға, тіпті одан да ұзақ мерзімге дейін бұғаттауы мүмкін, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы YouTube өкілі айтты.

Оның айтуынша, Трамптың таяуда жариялаған видеосы зорлық-зомбылықты қоздырады, сондықтан ол алып тасталған. Аккаунтты қайта қосу мәселесі бір аптадан соң қайта қаралатыны айтылады.

Айта кетейік, мұның алдында Трамптың Twitter мен Facebook желілеріндегі парақшаларының бұғатталғаны хабарланған еді. Кейін Трапм оған себепсіз шабуыл жасалып жатқанын мәлімдеген болатын.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру