Коронавирустың «британдық» штаммы пандемияның жаңа толқынын туғызуы мүмкін

12 қаңтар 15:09 590 рет қаралды

Коронавирустың «британдық» штаммы COVID-19 пандемиясының жаңа толқынының бастауы болуы мүмкін. Wellcome Trust қоры мен Базель университеті қызметкерлерінің пікірінше, бұл құбылысты тек қатаң шектеу шаралары тоқтата алады екен. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды.

B.1.1.7 штаммы әдеттегіден 50-70% жұқпалы болып келетіндігі белгілі. Ғалымдар аталған штаммның адам денсаулығына қауіптілігі әлі дәлелденбегеніне қарамастан, оның жоғары жұқпалылығы алаңдаушылық туғызады. 

Мутация таралған елдерде қайғылы гипотеза қазірдің өзінде расталуда. Ирландияда COVID-19 жұқтырғандардың төрттен бірінде B.1.1.7 штаммы анықталған. 

Данияда да осындай жағдай орын алуда. Сонымен қатар, ғалымдар Оңтүстік Африкада пайда болған B.1.351 деп аталған жаңа мутациясына зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Еске салсақ, Ұлыбританияда B.1.1.7 атаулы коронавирустың жаңа штамы анықталды. Кейін ол әлемнің 41 еліне және Ресейге тарап үлгерді. Коронавирустың жаңа штамы туралы толық мәліметтерді мына жерден көруге болады. Әзірге Қазақстанда мұндай штамы бар ауыру белгілері тіркелген жоқ.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру