Зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға рұқсат беретін заң қабылданды

23 желтоқсан 2020 11:11 2610 рет қаралды

Парламент экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы ережені қамтитын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген бірқатар түзетулерді мақұлдап, заң жобасын қабылдады. Бұл заң жобасында, сонымен қатар зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы ереже де бар.

Жалпы, заң жобасы Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға және экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарында көзделген шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Мәселен, заң жобасында инвестиция тартудың жаңа құралы - инвестициялық келісім термині енгізіледі. Одан бөлек процедураларды оңтайландыру және МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі) тетіктерін жетілдіру қарастырылған.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қолайлы жағдай жасау үшін "Бір терезе" қағидаты негізінде "Бизнес үшін үкімет" веб-порталын енгізу, сондай-ақ Іскер серіктестер тізілімін енгізу бойынша тиісті функция жүктеледі. Ал тамақ және жеңіл өнеркәсіпте салынып жатқан жаңа нысандар үшін инвестициялар шегі екі есеге азаяды.

Қаржы нарығының тұрақтылығына сәйкес синдикатталған несие беру тетігі жетілдіріледі. Бұл бірнеше банктер мен халықаралық қаржы институттарына қарыз алушыға бір келісім бойынша несие беруге мүмкіндік береді.





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру