Атырауда жаңа оңалту орталығы ашылды

15 желтоқсан 2020 15:56 3191 рет қаралды

Ол тірек-қимыл аппараты бұзылған, туа біткен даму ақауы және басқа да қозғалысы бұзылған жүйке жүйесі ауруы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған балалар облыстық ауруханасының жанынан ашылды.

Орталықта заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған; кішкентай пациенттермен реабилитолог, невропатолог, логопед, психолог, еңбек терапевті, эрготерапевт - жеке және топтық сабақтар жүргізетін 20-дан астам маман жұмыс істейді.

Орталыққа бір мезгілде 50 пациент келе алады, балалар күндізгі стационарға бара алады немесе онда тәулік бойы болуына мүмкіндік бар. Мұнда балалар емдеуші дәрігердің жолдамасымен портал арқылы ем ала алады, олар үшін бүкіл қызмет тегін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

ӨКҚ ұсынған суреттер



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру