НЗМ отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін

14 желтоқсан 2020 10:22 2856 рет қаралды
Алидар Ескендиров

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Голдберг машиналарын құрастыру бойынша инженерлік шығармашылық желілік байқаудың нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі.

"Пандемия салдарынан балалардың инженерлік білімдері мен технологиялық жобалық шығармашылықтарын дамытуға бағытталған робототехникадан дәстүрлі олимпиадаларды өткізу мүмкіндігі жоқ кезеңде алғашқы Голдберг чемпионатын өткізу туралы шешім қабылданды.

STEM-білімдерін практикалық тұрғыда жүзеге асыруға арналған желілік байқауда балалармен бірге алғаш рет ата-аналар да қатысты.

Отбасылық командаларға берілген тапсырмалар да бүгінгідей пандемия уақытында өзекті әрі қисынды деуге тұрарлық – «Қолды зарарсыздандыру – денсаулық кепілі». Бұл қорытынды әрекеті мөлшерлегіш микробжойғыны басатын машинаны жобалау болып табылады.

Жас өнертапқыштар мен олардың ата-аналарына қойылған басты талап – машинаны қолданудағы жоғары қауіпсіздік. Әрбір отбасы онлайн форматта шынайы құрылған механизмді ұсынды, қашықтан баға беруші әділ қазылар алқасы бейнематериалдармен танысып, Голдберг машинасының алгоритмін ғана бағалап қойған жоқ, сонымен қатар топтағы бірлесіп жұмыс жасау ахуалын, инженерлік шешімдердің әдеттегіден тыс нұсқаларын, шығармашылық серпіндерін де назарға алды.

Бірінші Голдберг байқауының жеңімпаздары болып Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен Алидар Ескендировтың отбасы танылды. Екінші орында – Ақтөбедегі NIS-тен Керей Бердішевтің отбасы. Сондай-ақ, үздік үштіктің қатарынан елордадағы физика-математика бағытындағы мектептен Али Жанғалидың отбасы көрінді.

Алихан Иденов

«Ең бірегей шешім» арнайы аталымында Орал қаласындағы Зияткерлік мектептен Алихан Иденов пен оның командасы марапатталды. «Үздік презентация» номинациясында Тараз қаласындағы NIS-тен Нұрболат Рыскелдиновтың отбасылық шығармашылығы таңдалды.

Голдберг машинасы жанама және тым күрделі тәсілмен қалыпты тапсырманы орындау үшін қарапайым материалдардан құралған күрделі конструкция ретінде танылған. Голдберг чемпионаттары мен лигалары бүкіл әлемге әйгілі".



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру