Нұр-Сұлтанда дәмханада жойқын жарылыс болды

21 қараша 13:25 492 рет қаралды

Елордада дәмхана ретінде жабдықталған коттеджде газ баллоны жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне ілтеме жасап.

21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлама түсті. Шұбар шағын ауданында дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллоны жарылған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда үй-жайдың ішінде бір адам және 15 газ баллоны бар екені анықталды. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған.

"Құтқарушылар бір адамды құтқарып, 15 баллонды сыртқа шығарды. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға орнында бір адам көз жұмды", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадасы 19 адамды қарап жатыр.

20 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 12.58-де сөндірілді.

Оқиға орнына ТЖ департаменті, апаттар медицинасы орталығының 34 құтқарушысы мен 10 техникасы жұмылдырылды.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру