«Футбол клубын өздері қамтамасыз етсін немесе кері тапсырсын!»

21 қараша 12:16 580 рет қаралды
«AЖ» мұрағатынан алынған сурет

19 қарашада Атырау облыстық футбол федерациясының президенті Ізтұрған БАЙМҰХАНОВ «Атырау» ФК жанкүйерлерімен кездесіп, олардан қолдау сұрады.

2020 жылдың 18 ақпанында жанкүйерлермен кездесу. «AЖ» мұрағатынан алынған сурет

- №1 спорттың әуесқойлары маған хат жолдады, мен депутат және федерация президенті ретінде жауап беруге міндетті едім. Алдағы облыстық мәслихаттың желтоқсандағы сессиясының күн тәртібіне облыстық спорт басқармасы және ФК басшыларын тыңдап, футбол клубы туралы мәселені енгізуді сұрады, - деді Баймұханов. - Жақын арада маған клубтың кімге және қалай сенімгерлік басқаруға  берілгені туралы құжаттар әкелуі керек. Отырғандардың бірін сессияға сұрақтар дайындауға көмекші ретінде тартатын шығармын.

Ал бүгінгі жағдай мынадай: клубты сенімгерлікке алғандар ешкімге есеп бермейді. 2020 жылы футболға 900 миллион теңге бөлінді, оның 300 миллионы шағын футбол клубына бөлінді. Енді қайтадан тендер жарияланды - «Атырау» ФК бассқарушылары екінші айналымға және Қазақстан Кубогына қатысу үшін 536 миллион теңге сұрайды. Кешіріңіздер, Бірінші лигадағы чемпионат әлдеқашан аяқталды, ал біз Кубокқа қатыспаймыз.

...Біздің өңірдегі үлкен футболды тиісті деңгейге жеткізу керек. Маған бастапқыда көмек керек болады. Айына бір рет жиналып, проблемалық мәселелерді талқылау керек. Ал әзірге мен облыстық әкімдікке «Атырау» ФК-ын бюджеттік қаржыландыруды тоқтату туралы ұсыныспен шыққым келеді. Егер олар сенімгерлік басқаруға алған болса, команданы демеушілер мен өз капиталдары есебінен ұстап тұрсын. Әйтпесе, клубты кері жергілікті биліктің құзырына тапсырсын!

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру