Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет - Тоқаев

20 қараша 14:54 298 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды бүкіләлемдік балалар күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі. 

"Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет", - деп жазды Тоқаев Twitter-де. 

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бүкіләлемдік балалар күнін тойлауды 1954 жылы қабылдаған болатын. Бұл айтулы күн 20 қарашада аталып өтіледі. 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру