Атырауда баланы ит қауып алды

20 қараша 11:29 609 рет қаралды

Әлеуметтік желіде ит қауып алған кішкентай баланың суреті таралып жатыр. Бұл Атыраудағы Жұлдыз ықшамауданында болған сияқты. Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері баланың қазіргі уақытта өздерінде емделіп жатқанын растады.

«Баланың жағдайы тұрақты», - деп хабарлады Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

18 қараша күні сағат 16.00 шамасында облыстық балалар ауруханасының травматология пунктіне 2 жасар бала түсті. Травматолог дәрігер Жақсылық Мағзомов баланың басы мен қолынан орташа деңгейде жарақат алғанын айтты. Қазір ол анасымен бірге травматология бөлімшесінде жатыр.

Кейінірек, Атырау облыстық полиция департаменті келесі баспасөз хабарламасын таратты:

«18 қарашада сағат 16.51 шамасында «102» пультіне «Жұлдыз-2» ықшам ауданының тұрғынынан кішкентай баланы ит талағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Басынан және қолынан көп жарақаттар алған 2018 жылғы бүлдіршінді полиция қызметкерлері облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Іздеу шарасы кезінде баланы қапқан ит сол маңдағы шағын өндірістік базалардың бірінің аумағынан табылды.

Иттің иесі де - 1985 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабының 2-тармағы («Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Әлеуметтік желідегі суреттер



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру