Онкологиялық диспансерде бәрі бар, тек ғимарат ескі

20 қараша 11:14 369 рет қаралды

Атырау облысында онкологиялық диспансердің жаңа ғимаратын салу мәселесі шешілуде. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДАУЛИЕВ онлайн-брифинг барысында хабарлады.

- Қазіргі диспансер заманауи талапқа сай келмейтін ескі ғимаратта орналасқан. Бұл мәселе бойынша облыс әкімдігіне тиісті ұсыныс дайындалуда, - деді А.Байдаулиев. 

Бірақ материалдық-техникалық базаға келетін болсақ, оның айтуынша, қаржыландыру жақсаруда, науқастарды емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде, скрининг және басқа тексерулерге қаражат толық көлемде бөлінген. МЖӘ (мемлекеттік-жеке әріптестік) шеңберінде денсаулық сақтау басқармасы жеке компаниямен барлық жабдықтарды - рентген аппараттарын, маммографтарды, КТ, УЗИ-ді бірыңғай жасанды интеллект жүйесіне қосу туралы келісім жасаған. Бұл жүйе оған енгізілген барлық деректерді мұрағаттандырады және оларды сандық форматта сақтайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру