"Қой сатып алдым". Хабиб Нурмагомедов енді немен айналысқысы келетінін айтты

20 қараша 09:50 248 рет қаралды

Белгілі файтер, жеңіл салмақта UFC абсолют чемпионы Хабиб Нурмагомедов алдағы жылдары жоғары білім алып, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеп.

Нурмагомедов 24 қазанда америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағанын хабарлаған еді. Ресейлік файтер ММА-де 29 рет жеңіске жетіп, бірде-бір жеңіліс таппады.

"Мен Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде оқып жатырмын, келесі жылы бітіремін. Магистратураны бітіріп, білімге уақыт бөлгім келеді. Ауыл шаруашылығында жұмыс істегім келеді, қой, өгіз-бұзаулар алдым. Осы бағытта жұмыс істегім келеді. Әлемдік деңгейде емес, әрине. Бірақ бәрі мүмкін. Спортпен де кезінде тек жаттыға бастадым ғой", - деді спортшы бейсенбіде Дербент жастарымен кездесуінде.
"Мен пайдамды тигізе алатын нәрсеге қатысқым келеді, бұл үлкен саясат болуы міндетті емес. Қазіргі уақытта мен үлкен саясаткер болмай-ақ пайдамды тигізе аламын, бұл маған жеткілікті", - деді Хабиб.


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру