Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 55 миллионнан асты

17 қараша 15:15 363 рет қаралды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 55 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің сайтында айтылады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 55 033 418-ге жетті, ал қайтыс болғандар саны - 1 327 500. 35,3 миллион адам жазылып шыққан.

Ал бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус бойынша басқа статистика келтіреді. ДДҰ соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 54 301 156-ға жетті, 1 316 994 адам қайтыс болды.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру