Украина президенті ауруханаға жатқызылды

12 қараша 2020 15:40 2042 рет қаралды

Коронавирус жұқтырған Украина президенті Владимир Зеленский ауруханада емделіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Бұл туралы президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк айтты.

"Барлығы қатаң түрде хаттамамен реттеледі. Олар (Зеленский және президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак-ескерту) Теофанияда. Онда арнайы жабдықталған кабинет бар. Президент онда жиналыс өткізе алады. Ол оқшауланған палатада жатыр, әрі оның арнайы байланысы бар", - дейді Подоляк "Украинская правда" басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол Зеленский мен Ермактың жұмыс кестесі бар екенін, олар тек оқшауланғанын атап өтті. 

Кеңесші Украина президенті мен Ермак ауруханада бірін-бірі көрмейтінін, тек телефон арқылы сөйлесетінін айтты.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру