Президент Махамбет Досмұхамбетовке экологиялық мәселелерді шешуді тапсырды

26 қазан 2020 22:43 2260 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовты қабылдады, деп хабарлайды "Ақорда".

Кездесуде биылғы 9 ай ішіндегі Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Президентке Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету және инвестиция тарту мәселелері туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовке халықтың әл-ауқатын арттыру, экологиялық мәселелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру